Қостанай ауданында көкөніс қоймасы салынады. Жаңа нысанның құрылысына 1,2 млрд теңге жұмсалмақшы. Жоба сәтті жүзеге асса, мұнда 5 200 тонна өнім сақтау мүмкіндігі бар. Аймақ басшысы игі бастаманың іске асырылу барысымен танысып, жоба жетекшілерімен жүздесті.

Әлеуметтік маңызға ие көкөніс қоймасы облыс орталығына іргелес Заречный кентінде бой көтереді. Жобаға бағытталған қаражаттың 75 пайызын «Тобыл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қаржыландырады. Ал қалғаны жеке серіктестік бюджетінен. Мұнда өнімді сапалы әрі ұзақ мерзімге сақтау үшін микроклимат жүйесі орнатылған. Онда желдету құрылғысы да қарастырылған. Жалпы аумағы 3600 шаршы метр.