7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесі Қостанай ауданында кең көлемде бар сән - салтанатымен атап өтілді. Бұл дата елдің тәуелсіздігі мен тыныштығын сақтау жолында қызмет етіп жүрген ер азаматтардың еңбегін бағалауға арналған. Осы ретте Тобыл қаласында ұйымдастырылған думанды басқосу мемлекет өміріндегі маңызы күннің мазмұнын байытып, деңгейін арттыра түсті.