Қостанайда облыстық деңгейде оқушылар арасында Құран жаттау жарысы өтті. Бұл рухани іс-шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен жергілікті "Жайлаубай ата "мешіті ұйымдастырды. Бұл жолғы жарыс жерлесіміз Оралхан Таңжарықовты еске алуға арналды.