Жыл сайын сәуірдің соңғы аптасында дүниежүзілік Иммунизация апталығы өткізіледі. Мақсаты – халыққа екпенің маңызын түсіндіру. Аталған шараға орай емханаларда жоспарлы түрде вакцинация жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде бір күнде жүздеген адамға екпе егілді. Вакцина алған азаматтар тиісті тексеруден өтіп, дәрігерлерден кеңес алды.