Жітіқарада қазақша күрес спорты бойынша кіші жасөспірімдер арасында сайыс өтті. Облыстың барлық дерлік ауданынан ағылған спортшылар дүбірлі додада бақ сынап, жүлделі орындарды сарапқа салды. Додадан оза шапқандар аудан әкімінің арнайы жүлдесіне ие болды.