Облыс орталығында әр ауданның күміс көмей, жезтаңлдай әншілері бас қосты. Өйткені, талантты балаларды қолдауға арналған дәстүрлі «Алтын микрофон» байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауда бақ сынауға келген 68 үміткер өз өнерлерін паш етіп, өзара жүлделі орындарды бөліседі. Үздік атанғандар халықаралық деңгейде ел намысын қорғайды.