Қазақстан Республикасының Ата Заңы – еліміздің Тәуелсіздігін айқындайтын басты құқықтық құжат. Бұл – халқымыздың бостандыққа ұмтылысын, демократиялық және құқықтық мемлекетке бет алған нақты таңдауын білдіретін тарихи шешім. Конституция– ел тірегі, ұлт болмысының негізі! Осындай мазмұнда А. Байтұрсынұлы атындағы университетте Ата Заңымыздың 30 жылдығына орайластырылған жиын өтті.