Шаһарда жылу беру маусымы аяқталды. Бұл туралы Қостанай жылу энергетикалық компаниясының басшысы Азамат Аужанов мәлім етті. Сөзінше, биыл салада техникалық бұзушылықтар айтарлықтай азайған. Қазіргі таңда желілерді жөндеу жұмыстарына дайындық шаралары жүріп жатыр. Осы және өзге де мәселе облыстық әкімдікте талқыланды.