Елімізде жылу, су және газ желілерінің жартысынан астамы тозған. Бұл мәселе біздің облыста да өткір тұр. Оларды жаңартып, жөндеу үшін тұтынушылар төлейтін коммуналдық қызметтердің тарифін көтеру керек. Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде баяндалды.