Жеңісті жақындату үшін сұрапыл соғыста жанқиярлықпен ажалға қасқая тұрған бабалар ерлігі - бізге мәңгілік өнеге! Майдан даласында батылдықтың нағыз үлгісін менің атам да көрсеткен. Бұл - ұлт рухын асқақтатқан ұлы тарих. «Мәңгілік рух» айдарының кезекті кейіпкері осылай дейді.