Жер – халқымыздың аса маңызды табиғи байлығы, тұрғындардың өмір сүруі мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі. Жер қатынастары деген – бұл жерді иелену, тиімді пайдалану, басқару мәселелерін реттейтін қоғамдық қатынастар жүйесі. Бұл саладағы  
мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету аса маңызды. Қалалық әкімдікте өткен жиында жер телімдерін мақсатты пайдалану мәселесі қаралды.