Қостанай облысында 28 адамды кене шаққан. Оның 13-і балалар. Дені облыс орталығының тұрғындары.
Бәрі дәрігерлердің көмегіне дер кезінде жүгінген, бойларынан инфекция анықталмады. Мамандардың айтуынша, биыл қансорғыш жәндіктерден қауіп ерте басталған. Сондықтан тұрғындарға қазір жабық киініп, бас киіммен жүру қажетттігін айтады. Ал табиғат аясына шыққанда әрбір екі сағат сайын денені тексеріп, кене шаққан жағдайда жақын жердегі емханаға баруға кеңес береді.