Қостанайда заманауи саябақ бой көтереді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Ауыл шаруашылығы институты ауданындағы бос аумақта салынғалы жатқан саябақ құрылысымен танысты. Ауданы 4,25 гектарды құрайтын демалыс орны тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған маңызды жоба болмақ.