Бүгін елімізде «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды. Аталған бағдарлама «Жұмысшы мамандықтары» жылы аясында техникалық сала мамандарына қолдау көрсетуге арналған. Оны іске асыру үшін Отбасы банк 72 млрд теңге бөлді. Соның арқасында 2 440-қа жуық жұмысшы кәсіптерінің өкілдері қолжетімді несие алып, тұрғын үй мәселелерін шешпек.