Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінде ерекше экскурсия өтті. Оған 250-ге жуық мектеп оқушысы қатысты. Жасөспірімдер әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, сарбаздардың күнделікті өмірін көзбен көрді. Болашақта әскери қызметті таңдауды ойлаған жастар үшін бұл шара таптырмас мүмкіндік болды.