Соңғы үш жыл аралығында аймақ аумағында алимент қарызы екі есеге артқан. Ол құзырлы орган қызметкерлерінің көкек әкелермен күресін күшейтуге тікелей түрткі болса керек. Осы орайда орындалатын тиісті шаралар көп. Баласының алдындағы берешегін өтеуден жалтарып жүрген әкелерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуден бөлек, оларды еңбекпен қамту қолға алынған. Бұл тұрғыда сот орындаушылар палатасы мен әділет департаментінің қызметі ұшан-теңіз. Заң және тәртіп нормативін орындау аясында өткізілгее іс шараға 58 борышкер қатысты.