8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара «Жастар сарайында» сән-салтанатымен өтті. Облыс әкімінің арнайы қатысқан мерекелік жиында қыз-келіншектер құрметіне концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бөріктілердің көріктілерге ұсынған сый-сияпаты мен ыстық ықыласына тілшіміз куә болып қайтты.