Өңір басшысы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстар тыңдады. Құмар Ақсақалов алдағы уақытта қабылдауға келген азаматтардың мәселелері зерттеліп, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді.
Қабылдауда екі түрлі мәселе қаралды. Біріншісі Қарасу ауданы Октярьское ауылындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның аудан балансына өтуіне қатысты. Ауыл халқы 2019 жылы қайта жөнделген кәсіпорын ауданға қарайтын болса, тіршілік нәрі тоқтап қалуы мүмкін екеніне алаңдаулы. Адамдар жұмыссыз қалып, күн көру қиындап кете ме дейді, ауыл ақсақалы. Бейнеқоңыраумен байланысқа шыққан аудан әкімі, ондай мәселенің болмайтынын алға тартты. Өз кезегінде облыс әкімі суды жекешелендірудің болмайтынын, бұл мәселеден екі жаққа да кесірін тигізбейтіндей етіп шығудың жолын табуды тапсырды. Одан кейінгі тақырып Ұлы Дала жорығы жайлы. Биыл Қапшағайдың маңайынан бастау алатын жарысқа Қостанай жылқысынан бір команда, облыстың атынан бөлек бір топ баратыны белгілі болды. Алайда, аймақ басшысы осындай сайысты Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы барысында біздің өлкемізде де өткізуді ұсынды. Облыстық ат спорты федерациясының президенті Нұрбол Әбдірахмановтың айтуынша, жарысты ұйымдастыруға болады, үлкен қаражатты талап етпейді. Қабылдау соңында облыс әкімі ат спортын облыстық спартакиада бағдарламасына қосу туралы тапсырма берді.