Соңғы үш жылда Қостанай облысында алимент қарызы екі есеге артқан. Бұл, құзырлы органдардың борышкерлермен күресті күшейтуіне түрткі болды. Прокурорлар рейд шараларын жүйелі жүргізіп, берешекті өтеуден жалтарып жүргендермен алдымен түсінік жұмыстарын жүргізді. Ал, оны елемегендер заң алдында жауап берулеріне тура келді.