Осы жылы Қостанай облысында тағы екі «Жайлы мектеп» бой көтереді. Оның бір Рудныйда, ал екіншісі Құшмұрын ауылында салынып жатыр. Нәтижесінде 1200 оқушыға арналған жаңа білім ұялары ел игілігіне пайдалануға берілмек. Бұл өз кезегінде мектептердегі жүктемені азайтып, оқушыларға сапалы білім беруге жағдай жасамақ.