Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің даму барысы кеңінен талқыланып, халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін негізгі бағыттар айқындалды. Бұл бағыттар барлық саланы қамтып отыр. Сондықтан Президент белгілеп берген міндеттердің орындалуы ерекше назарда болады. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында өңір басшысы Құмар Ақсақалов мәлім етті.