Қостанайда 2024 жылдан бастап жол-көлік оқиғалары жиілеген. Мысалы, былтыр қалада 46 дерек тіркелді. Нәтижесінде 57 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған. Бұл көрсеткіштің артуы биылғы жылдың 15 маусымында ҚР Бас Прокурорының бұйрығына енгізілген өзгерістермен байланысты дейді сала мамандары.