Біздің елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық заңнамалар шетелдерден инвесторлардың көптеп келуіне септігін тигізіп отыр. Осы тұрғыда мемлекет басшысы инвестициялық тартымдылықты арттырып, шетелден қаржы көзін тартудың жаңа тетіктерін қарастыру жөнінде тиісті тапсырмалар беріп келеді. Нәтиже де жоқ емес. Облыс экономикасын дамытып, өндіріс көлемін ұлғайтуда Киа зауытының үлесі зор.