«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын қамтамасыз ету. Қоғаммен ашық диалог. Қызметтің қолжетімділігі. Осы ретте, Қостанай облысының әкімі тұрғындарды қабылдады. 

Қозғалған мәселелердің көбі тұрғын үйге қатысты болды. Ауыз су, жол, медициналық қызмет сапасы бойынша да қостанайлықтарды алаңдататын сауалдар бар. Өңір басшысы әрқайсысын жеке тыңдап, ешқайсысы елеусіз қалмайтынын жеткізді. Айта кетейік, қазіргі уақытта азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні жүйелі түрде өткізіліп келеді. Басқарма басшылары да көпшіліктің кез келген сауалдарын қарастырып, мәселені шешуге ат салысады. Билік басындағылар бұқарамен тығыз байланыста болуға тырысады. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде де азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, шешімін табу қарастырылған.