Негізгі Жаңалықтар Желден жүйрік желаяқтар жарысы

Желден жүйрік желаяқтар жарысы

61 шақырым. Мыңға жуық қатысушы. Ортақ мақсат – мәреге жету. Жітіқарада алтыншы рет KM MARATHON спорт сайысы өтті. Биылғы жарыстың ең ұзақ қашықтығы «Қостанай минералдарының» мерейтойына орай 61 шақырым болып белгіленді. Марафонға кәсіби спортшылармен қатар, кәсіпорын қызметкерлері, күштік құрылым өкілдері мен әуесқойлар да қатысты. 

Жарыс басталған сәтте жүздеген жүгіруші бір бағытқа бет алды. Бірі үшін бұл – спорттық нәтиже, енді бірі үшін – өз мүмкіндігін сынау. Ал кей қатысушы үшін марафонға дейінгі дайындықтың өзі үлкен мақсат. Биылғы KM MARATHON сайысына Қазақстанның әр өңірінен келген спортшылармен бірге кәсіпорын қызметкерлері де қатысты.


Бөлісу