Жастарға жігер берген кездесу
Қостанай облысына ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан бокс федерациясының жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті Қайрат Сәтжанов арнайы келді. Сапардың негізгі мақсаты – өңірдегі бокс мектептерінің тыныс-тіршілігімен танысып, жас спортшылардың дайындығын бағалау.
Өңірдегі бокс мектептерін аралаған Қайрат Сәтжанов жас спортшылармен ашық диалог орнатып, олардың дайындығына баға берді. Тәжірибелі маман жаттығу барысын жіті бақылап, жас былғары қолғап шеберлерінің қарқынын өз көзімен көрді.