Азық-түлік қоры жеткілікті
Қостанай облысы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 12 түрі бойынша нарық пен халықтың қажеттілігін толықтай өзінің өндірісі есебінен қамтамасыз етеді. Тағы 14 түрлі өнімге деген сұранысты Тобыл өңірі өзге облыстардан жеткізілетін тауарлар есебінен өтейді.
2026 жылдың басынан бастап Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі 19-дан 31 позицияға дейін кеңейтілді. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, олардың 12 түрі бойынша өңір халықтың сұранысын жергілікті өндіріс есебінен толық қамтамасыз етеді. Қалған өнімдер сырттан әкелінеді. Қостанай қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, облыста дәстүрлі түрде өндірілмейтін тауарлар тұрақты түрде жеткізіліп отыр. Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында 11,7 мың тонна өнім және 19,6 миллион дана жұмыртқа бар. Сонымен қатар қыс-көктем кезеңіне дайындық жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 2,1 мың тонна картоп, 550 тонна сәбіз, 650 тонна қырыққабат және 300 тонна пияз