Негізгі Жаңалықтар Прокуратура: тіршілік нәрінен таршылық болмауы керек

Прокуратура: тіршілік нәрінен таршылық болмауы керек

Денисов ауданы прокуратурасы қабылдаған шаралардан кейін Глебов ауылы тұрғындары үшін ауыз судың тарифі 45 еседен астам төмендетілді, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін ауылда ауыз судың текше метрі 5 520,59 теңгеден сатылған. Қабылданған шаралардан кейін тариф 116 теңгеге дейін төмендеді. Жоғары тариф ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілеріне айтарлықтай қаржылық салмақ түсірген. Заңнамада ауыз судың құнын субсидиялау қарастырылғанымен, Глебов ауылындағы сумен жабдықтау қызметтерінің тарифін төмендету бойынша тиісті шаралар уақтылы қабылданбаған. Прокурорлық қадағалау актісі қаралғаннан кейін Глебов ауылындағы ауыз су тарифі субсидияланатын тарифтер тізбесіне енгізілді. Нәтижесінде ауылдағы 430 тұрғынның, оның ішінде 21 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалды. Прокуратура мәліметінше, тарифтің төмендеуі халық пен бизнестің шығындарын едәуір азайтып, ауыз суды қолжетімді етуге мүмкіндік берді.


Бөлісу