Иесіз иттерді уақытша ұстау мерзімі өзгермек
Қостанай облысында жануарлардың шабуылына ұшырағандар саны азаймай отыр. Көбіне тұрғындарға қараусыз жүрген иттер қауіп төндіреді. Осыған орай қаңғыбас жануарларды ұстау тәртібіне қатысты елімізде жаңа талаптар қарастырылып жатыр.
Облыста жыл басынан бері жануарлардың шабуылына ұшыраған 3 мыңға жуық адам құтырмаға қарсы екпе алған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 10,6 процентке көп. Зардап шеккендердің үштен бірі балалар мен жасөспірімдер.
Елімізде «жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру туралы» үлгілік ережеге өзгерістер еңгізілді. Оны экология министрлігі құптады. Енді өңірлік Мәслихаттар орындалу мерзімін, тәртібін анықтап, бекітуі тиіс. Бұрын қаңғыбас иттер арнайы орында 15 күн ұсталатын еді. Енді бұл мерзім қысқартылуы мүмкін.