Негізгі Жаңалықтар Шаһарды шырайландыру шаралары ширақ

Шаһарды шырайландыру шаралары ширақ

Таза әрі жайлы орта қалыптастыру – бір реттік науқанмен шектелмейтін жұмыс. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қостанайда көктем-жаз айларында қоғамдық орындар мен саябақтарды ретке келтіруге, көгалдандыруға көңіл бөлінді. Былтыр ашылған демалыс орындарында да тазалық жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар сенбіліктер ұйымдастырды. Бұл бағыттағы қам-қарекеттер қазір тұрғын үйлердің аулаларын жаңартумен сабақтасып келеді.

Қостанайда тазалық жұмыстары көктем шыға басталды. Сәуірдегі алғашқы сенбіліктерге мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер мен тұрғындарды қоса алғанда, он мыңнан астам адам қатысып, екі жарым тоннадан астам қоқыс шығарылды. Көктем-жаз бойы экологиялық акциялар өтіп, ағаштар әктелді. Бұл жұмыс қоғамдық кеңістіктерді абаттандырумен жалғасып, саябақтар мен демалыс орындарын жаңартуға ұласты. 


Бөлісу