Президент тапсырмасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан «Аңсаған сәби» бағдарламасы нәтиже беріп жатыр. Осы игі жоба аясында жасанды жолмен ұрықтандыруға бөлінген квотаның көлемі де көбейді. Мысалы, Қостанай өңірі үшін биыл 100 квота бөлінген. Бұл, облыстағы отбасылық демографиялық жағдайды жақсартуға ықпал етпек. Жергілікті дәрігерлер экстрокорпаралды ұрықтандыру әдісін сәтті іске асыру бағытында әзірленген кешенді жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр.