Олар тәулік бойы еңбек етіп, тұтынушыға әр таңда пештен жаңа шыққан нан өнімдерін ұсынып келеді. Жаңа технологиялық талапты сақтап, ас атасының сапасына айрықша мән береді. Әңгіме, қостанайлық наубайханашылар жайында. Отандық өндірісті өркендетуге атсалысып жүрген еңбек адамдарымен тілшіміз кездесті.