Қостанай облысының Амангелді ауданында оқушылар қайың ағашының 300 дана дәнегін арнайы контейнерлерге отырғызды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен шараға төрт мектептен 100-ге тарта жеткіншек қатысты. Егілген қайың тұқымы мектептердің зертханаларында сақталады. Балаларға қайың дәнегін отырғызудан бастап әрі қарай күтіп баптауға «Алтын Дала» табиғи резерватының қызметкерлері мен биология пәнінің мұғалімдері жетекшілік етеді. Көктемде көшетке айналған соң өскіндердің бәрі мектеп ауласына егіледі. Яғни, қайың ағашын дәнінен бастап өздері баптап өсіру - балалар үшін үлкен тәжірибе, әрі тәрбие.