Ел тыныштығын күзеткен Ұлттық ұлан әскери құрылымының жасақталғанына биыл 33 жыл. Қазір Ұлттық Ұланда 13 мың 500-ге жуық әскер мерзімді қызмет атқарып жатыр. Оларға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, мемлекеттік нысандардың қауіпсіздігі және қарулы қақтығыстарды болдырмау сынды маңызды міндеттер жүктелген. Қостанайдағы 6697 әскери құрылымында сарбаздар отан алдындағы борышын өтеу үстінде.