Қаңтар – қыстың нағыз ызғарлы айы. Бұл кезде ауа райы сан құбылып, адам денсаулығына әсер етеді. Температураның төмендеуі мен иммунитеттің әлсіреуі вирустардың таралуына қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, Қостанай қаласындағы №1 емханада эпидемиялық маусым басталғалы 6500 адам жедел респираторлық вирустық инфекциялармен ауырғаны тіркелген.