Қостанай өңірі әдебиетке кенде емес. Оған Лев Толстой атындағы облыстық әдеби ғылыми кітапханасында өткен іс-шара дәлел. «Мәңгілік өнер» деген атпен дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін байқаудың мақсаты жас ақын-жазушылардың шабытын шыңдау.
Биыл байқауға Қостанай өңірінен 28 ақын-жазушы қатысқан. Сайысға қаламгерлердің шығармалары қазақ және орыс тілінде қабылданған. Әдеби байқауға қабылдау қаңтар айында басталған болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қаламгерлерді қолдау мақсатында өткетін іс-шараның маңызы терең. Себебі жас буынның қарым-қабілетін ашуға өте зор мүмкіндік.