Бірінші желтоқсан - Дүниежүзілік Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына қарсы күрес күні. Осыған орай қаладағы сауда орталықтарының бірінде ақпараттық акция ұйымдастырылды. Шара аясында жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы бойынша әр азамат экспресс-тест тапсыра алды. Бар болғаны 20 минутта денсаулық статустарын білуге мүмкіндік алды.