«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңның енгізілуімен, жеткізуші туралы ақпарат түрлі дерекқорларды пайдалана отырып, қалыптастырылатын болады. Бұл сатып алудың барлық түрі бойынша баға мен сапа критерийлерін біріктіре отырып, жеткізушілерді автоматты түрде таңдауға көшуге мүмкіндік береді. Сөз етіліп отырған салаға енгізілетін өзге де жаңашылдықтар жайында қалалық әкімдікте өткен жиында талқыланды.