Ел Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында қабылданған мемлекеттік сатып алу туралы заңның орындалуы құзырлы органның бақылауында. 

Қостанай қаласы бойынша прокуратура жүргізген тексерістер бірқатар олқылықтардың бетін ашты. Сатып алу рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейтін заң сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауды көздейді.