Қазақ қашанда ысырапшылықтан тыйып, астамшылықтан шектеп отырады. Бұл аталғандар діни жоралғылармен де қабысады. Себебі дін мен дәстүр құстың қос қанатындай. Сондықтан соңғы уақытта жаназа намазында берілетін ас және онда орындалатын рәсімдерді бір ізділікке салу қоғамның қызу талқысында жүр. Осыған орай облыстық мешітте арнайы түсіндіру жиыны өтті. Оған орталықтан келген өкіл, зиялы қауым және аудан-қала имамдары қатысты.