Осымен 37 -ші рет өткізіліп ортырған облыстық «Өнерім саған, Қазақстан» атты  байқау Әулиекөл және Науырзым ауданында жалғасты. Екі өлкенің де көркемөнерпаздары өз қарым-қабілетін көрермен назарына ұсынудан ешбір аянып қалған жоқ. Шабам дегендерге ат  беріп, жанам дегендерге от беріп, қалың бұқараны қанағаттандырды, қанаттандырды. Әуезді ән мен күмбірлеген күйден шашу шашылған қос аудан фестиваліне тілші куә болып қайтты.