Мемлекет басшысының 2023 жылдан бастап елді мекен тұрғындарының әл-ауқатын арттыру тапсырмасы бойынша өңірде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл осы мақсатқа 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қарасу ауданына жұмыс сапармен барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов, әлеуметтік жобалардың жүзеге асу барысымен танысып, тұрғындармен кездесті.