Инфрақұрылымдық жобалар – ел игілігі үшін. Ұзынкөл ауданында биыл 30 шақырым жол жөнделіп, пайдалануға берілді. Бұл мақсатқа 2 млрд теңгеден аса қаржы бөлінген. Бүгінде ауыл-ауданды жалғап отырған тас жол жөндеу жұмыстары бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес белгіленген мерзімде аяқталды.