Ел қуаты - халық бірлігінде
Келісім, тұрақтылық, халықтар достығы. Түрлі этникалық топтар, діни конфессиялар арасындағы өзара құрмет мемлекетіміздің және дамуымыздың негізі. Республика күні қарсаңында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және этносаралық бірлестектіктердің ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті. Мереке аясында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға үлес қосып жүрген жандар марапатталды.