Облыс әкімінің өкімімен Берік Қуанышұлы Танжарықов Қостанай облысы әкімінің құрылыс, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Берік Қуанышұлы 1990 жылы Қостанай облысы Меңдіқара ауданында дүниеге келген. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін құрылыс мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2011 жылы Астана қаласындағы серіктестіктердің бірінде құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған. Әрі қарай осы салада түрлі лауазымдық қызметтер атқарды. 2019 бен 2023 жылдар аралығында Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай ауданының әкімі қызметін атқарды.