Әлеуметтік-еңбек қатынастарының мәселелерін шешуде кәсіподақтар маңызды рөл атқарады. Бірлік пен ынтымаққа, еңбек адамдарының мүддесі жолында қызмет ететін Қазақстан кәсіподақтарының күні қарсаңында Қостанайда салтанатты іс-шара өтті. 30-дан астам ұйым өкілдері жемісті еңбегі үшін марапатталды.