Тірек мектепті дамытуға 250 млн теңге бөлінді
Он шақты жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген Заречный кентіндегі қазақ мектебі су жаңа кейіпке енді. «Қазақстан халқына» қоры білім ошағын жөндеуге 250 млн теңге бөлді. Бұл қаражатқа сол сияқты қажетті құрал-жабдықтар алынып, керек-жарақпен толық қамтамасыз етілді.