«Ауыл аманаты» жобасы ел Президентінің «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде басталды. Содан бері бұл бағдарламаға қалың бұқара қызығушылық танытуда. Ауылдағы әлеуметтің әлеуетін арттыруға, елді мекендердің еңсе тіктеуіне сеп болатын жемісті жобаға Қарабалық халқы да белсенді қатысып келеді.