Елімізде вейпингке тыйым салынғанымен, импортты бақылау оңай болмай тұр. Қостанай облысына электронды темекіні Ресейден тасымалдаған арна анықталып, таяуда жолы кесілді. Оның денсаулыққа зияны туралы қанша айтылса да, соңғы жүргізілген зерттеулер 15 жасқа дейінгі ұл балалардың 14 пайызы және қыздардың 6 пайызы бір реттік вейпті қолданатыны мәлім болды.