Әлемнің 199 елі климаттық өзгерістердің алдын алу үшін атом электр станцияларының керектігін мойындады. Қоршаған ортаны ластайтын парниктік газдардан құтылудың экономикалық тұрғыда тиімді жолы сол станцияларды салу. Дүние жүзі бойынша ядролық энергияға деген сұраныстың артқанын қарапайым ауыл тұрғындары да байқап отыр.